Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Денемнің бәрі жара": Жамбыл облысында балалар құлдықта ұстап, мал баққызған

"Денемнің бәрі жара": Жамбыл облысында балалар құлдықта ұстап, мал баққызған

Әлеуметтік желіде Жамбыл облысында құлдыққа түсіп, мал бағып жүрген балалардың видеосы тарады. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Желіде тараған видеода екі бала бес жылдан бері қорлық көріп келе жатқанын айтты. Олар қазақстандықтардан көмек сұрады. 

“Телефонымды алып қойды, мал бағып жүрміз. Әр өткен көліктен сағат сұраймыз. Денемнің бәрі жара. Жатсам да, тұрсам да туған әкемнің қолына барсам деп тілеймін. Анам сөйлегісі келеді, бірақ өзі қорқады”, – дейді мал бағып жүрген балалардың бірі.

Сондай-ақ видеода балалардың денесінің көгергенін, жара қаптағанын көру

Алдын ала мәлімет бойынша, бұл жағдай Талас ауданындағы Қаратау қаласының маңында болған. 

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Закиева балалардың қазір тұрып жатқан жері анықталғанын мәлімдеді. 

“Аталған факті бойынша қылмыстық іс қоғалды. Аймақтық уәкіл Даурен Бақжанов барлық мән-жайды анықтау үшін балаларға бара жатыр”, – деді балалар омбудсмені. 

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.