Шикізат шырмауынан шығуға жанталас: агроөнеркәсіп кешенінің дамуына не кедергі?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Демалыс күндері Қазақстанда күн жылына бастайды

Демалыс күндері Қазақстанда күн жылына бастайды

2018 жылғы 7 желтоқсан 13:00 28

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағының басым бөлігі Сібір антициклонының ықпалында тұрғанымен, тропосферадағы ауа ағындары бағытын солтүстіктен батысқа қарай өзгерте бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазгидрометке сілтеме жасап.

Сондықтан алдағы демалыс күндері ауа температурасы көтеріледі.

Болжам жасалып отырған кезеңде Орталық Азияға Жерорта теңізінің шығыс аудандарынан қозғалған циклон жылжып келеді. Соған байланысты республиканың оңтүстік-шығысында күн жауын-шашынды болып, тұман түседі, көктайғақ болады.

Сондай-ақ Қазақстанның батысында да жауын-шашын болады, негізінен, қар жауып, тұман түседі, көктайғақ болады, басқа өңірлерге қарағанда, ауа температурасы күрт төмендейді.

Автор
Жандос