Қоғам

Декретке миллионмен: Мемлекетке 180 млн теңге залал келтірген ақтөбелік сотталды

Декретке миллионмен: Мемлекетке 180 млн теңге залал келтірген ақтөбелік сотталды

Есепші сот үкімімен 5 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылды. Алайда жазасын 5 жылдан соң өтейді.
Қызылордадағы атышулы оқиға: 9 сотталушы кассациялық сотқа шағым түсірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Қылмыстық іс Мұғалжар аудандық сотында қаралды. Бухгалтерлік есеп және салық саласын еркін меңгерген сотталушыға Қылмыстық кодекстің «Алаяқтық» бабы бойынша айып тағылды.

Іс материалына сүйенсек, сотталушы «Декретке миллионмен» курсына қатысып, тәжірибе жинайды. 2023-2024 жылдар аралығында жеке кәсіпкерлікті пайдаланып, жүкті әйелдерді тіркейді, оларға ай сайын міндетті әлеуметтік, зейнетақы аударымдарын және медициналық сақтандыру жарналарын аударады. Ал жүкті келіншектер босанғанға дейін және кейін миллиондар алған. Мемлекетке жалпы сомасы 180 413 146 теңге көлемінде залал келтірген. Сот отырысында сотталушы тағылған айыпты ішінара мойындады.

    - Сот үкімімен сотталушы Қылмыстық кодекстің 190-бабы 4-бөлігінің 2-тармағында көзделген қылмысты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 5 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Қылмыстық кодекстің 74-бабының 1-бөлігіне сәйкес жазаны өтеу мерзімі 5 жылға кейінге қалдырылды. Жәбіреленушінің азаматтық талабы азаматтық сот ісін жүргізу тәртібімен қарауға жолданды. Үкім заңды күшіне енген жоқ,- деп хабарлады Мұғалжар аудандық сотының баспасөз қызметі.

Айта кетейік, әйелдерді «миллионмен декретке» шығарған ақтөбеліктер ақшаны кері қайтаруы тиіс. Дәл осындай істі облыстық экономикалық тергеп-тексеру департаменті тергеді.

Ұқсас материалдар

Барлығы
KZNews.kz