Ант па, әлде бәс пе? Мемлекеттік қызметті құмар ойынға айырбастағандар
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды

Дәулет Кәрібек AMANAT партиясының хатшысы болып тағайындалды

Партия төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қаулысымен AMANAT партиясының хатшысы болып Дәулет Жамаубайұлы Кәрібек тағайындалды, деп хабарлайды kznews.kz сайты.

Дәулет Кәрібек 1990 жылы 12 қыркүйекте дүниеге келген. Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетін «Саясаттану» мамандығы бойынша бітірген, РhD докторы.

2009 жылдан бастап Jas Otan ЖҚ-да түрлі лауазымдарды атқарды. 2019 жылы Jas Otan жастар қанатын басқарып, ҚР Президенттігіне кандидат Қ.К.Тоқаевтың республикалық штабының Team Qazaqstan жастар қанатына жетекшілік етті.

«Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Жастар саясаты мәселелері басқармасы» ММ басшысы және Nur Otan партиясы елордалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары қызметтерін атқарған.

Автор
Еркебұлан