Қазақстан соғысқа дайындалып жатқан жоқ – Айдос Сарым
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Дастан Сәтпаев мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды

Дастан Сәтпаев мемлекеттік «Дарын» сыйлығының иегері атанды
Фото: ашық дереккөз

«Қайрат» футбол клубының шабуылшысы Дастан Сәтпаев «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының иегері атанды. , деп хабарлайды kznews.kz.

Биыл сыйлыққа 300-ден аса үміткер ұсынылып, олардың 294-і комиссия қарауына түсті.

Нәтижесінде жеңімпаздар «Ғылым» – 64, «Дизайн және бейнелеу өнері» – 19, «Спорт» – 27, «Театр және кино» – 41, «Эстрада» – 13, «Журналистика» – 16, «Халық шығармашылығы» – 41, «Қоғамдық қызмет» – 31, «Әдебиет» – 15 және «Классикалық музыка» – 27 номинациясы бойынша анықталды.

Комиссия құрамында депутаттар, қоғам қайраткерлері, мәдениет, медиа және спорт өкілдерінен құралған 37 мүше жұмыс істеді.

«Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығын табыстау рәсімі 25 қарашада өтеді. Лауреаттарға диплом, төсбелгі және ақшалай сыйақы беріледі.

Айта кетейік, Дастан Сәтпаев – «Қайрат» және Қазақстан құрамасының шабуылшысы. 2024 жылы «Қайрат-Жастарда» ойнады. 2025 жылдың қаңтарында «Челсимен» 2029 жылға дейін келісімшартқа қол қойып, 4,3 млн еуроға трансферленді. Клуб сапына 2026 жылдан бастап қосылады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.