"Ауылдағы" ауыс-түйіс: Егізбаев кетіп, Айтуғанов келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дастан Сәтпаев “Челсиге“ кеткеннен кейін 280 миллион теңгеге қымбаттады

Дастан Сәтпаев “Челсиге“ кеткеннен кейін 280 миллион теңгеге қымбаттады
Фото © Tengrinews.kz / Ұлан Кенжеғалиев

Беделді Transfermarkt порталы Қазақстан құрамасының вингері Дастан Сәтпаевтың лондондық "Челси" сапына қосылар алдындағы нарықтық құнын жаңартты, деп хабарлайды kznews.kz.

17 жастағы қазақстандықтың трансферлік құны 500 мың еуроға (шамамен 280 миллион теңге) қымбаттады. Енді оның құны 3,5 миллион еуроны құрайды.

Осылайша, Дастан Сәтпаев Қазақстанның ең қымбат футболшысы атанды.

"Қайраттың" бұрынғы ойыншысының ең жақын ізбасары - ресейлік "Ахматта" өнер көрсететін Максим Самородовтың құны 3 миллион еуроға бағаланып отыр.

Еске сала кетейік, 17 маусымда вингер Қазақстан премьер-лигасы аясында "Қайрат" сапындағы соңғы ойынын өткізіп, командасына "Қызылжарды" 3:0 есебімен ойсырата жеңуге көмектесті.

Матч аяқталған соң Орталық стадионда арнайы рәсім өтіп, Дастанға ескерткіш жейде табысталды. Ол жанкүйерлерге қолдау көрсеткені үшін алғысын білдірді.

Енді ол "көктердің" жаңа бапкері Хаби Алонсоға өзін жақсы қырынан көрсету үшін Лондонға аттанады.

Сәтпаев жасөспірімдер деңгейінде көзге түсіп, соның нәтижесінде "Челсиге" сатылды. Қазақстан үшін рекорд трансфер туралы хабарланғаннан кейін, ол "Қайраттың" негізгі құрамында ел чемпионатында да, Чемпиондар лигасында да бақ сынауға мүмкіндік алды.

Алғашқы маусымның өзінде-ақ ол өте жоғары нәтиже көрсетті: тек ҚПЛ-да 14+6, ал Чемпиондар лигасында 4+1 ұпай жинады. Сондай-ақ Сәтпаевтың еншісінде Қазақстан құрамасы сапында соққан голы бар, бұл оны ұлттық құрама тарихындағы ең жас гол авторы етті.

Дастан барлық турнирде жалпы саны 27 гол соғып, 9 нәтижелі пас берді.

Айта кетейік, Сәтпаевтың Лондонға ресми ауысуы әлі толық аяқталған жоқ, ол команда сапында 18 жасқа толғаннан кейін ғана дебют жасай алады, яғни 12 тамыздан ерте емес.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.