KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Дариға Бадықова мен Олжас Абайға қатысты қуанышты хабар тарады (ФОТО)

• Қайсар Қанат

Танымал продюсер Дариға Бадықова жетекшілік ететін Badykova Production компаниясы желідегі ресми парақшасында жаңа жазба жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.

Жарияланған ақпаратқа сәйкес, көптен күткен «Таптым-ау сені 3» фильмі 26 наурыздан бастап көрерменге жол тартады. Жобаның ресми постерінде басты рөлдегі Олжас Абай мен Дариға Бадықованың бейнесі ұсынылған.

"Таптым-ау сені 3" фильмінің ресми постері. 26 наурыздан бастап барлық кинотеатрда! DBO production ұсынады", – делінген компания жазбасында.

Айта кетейік, фильмнің алдыңғы бөлімдері де көрермен арасында үлкен қызығушылық тудырып, кассалық табысқа жеткен еді.

Қайсар Қанат
Журналист. Блогер. Фрилансер
Автордың басқа материалдары →