Жас жұбайлар Доха қаласындағы Ritz-Carlton қонақүйін таңдаған. Дариға Бадықова әлеуметтік желідегі парақшасында қонақүй мейрамханасын бейнежазбаға түсіріп, «Бізде бал айы» деп жазба жариялады.
Бұған дейін актриса шетелге сапарға шығар алдында төлқұжаттары мен әуе билеттерінің суретін бөліскен.
Таяуда Дариға Бадықова мен Олжас Абай үйленді. Олжас Абайдың айтуынша, тойға дейін бойдақтықпен қоштасу кешін ұйымдастыра алмаған. Оның орнына актер «Мальчишник vs Девичник: Соңғы түн» фильмінің көрсетіліміне барған.