Журналист Дана Нұржігіт әлеуметтік желідегі парақшасында нағашы ағасы Хасан Ормановтың өмірден өткенін хабарлап, әсерлі жазба жариялады, деп хабарлайды Ozgeris.info.
Ол жазбасында марқұм ағасының өз балалық шағының бір бөлшегі болғанын, оның әскерден оралып, шаңырақ көтергенін, кейін атасының қара шаңырағына ие болып, ауылдағы сыйлы азаматтардың біріне айналғанын еске алды.
"Хасан нағашым… балалығымның куәсі… әскерден келгені, үйленгені, атамның шаңырағына ие болып, ауыл интеллигенциясының, ардагерінің алды болып, зейнетке шыққанына бір ай ғана болған еді…
5 сәуір күні ғана мерейтойын өткізіп… Соңғы көрген қуанышы екен ғой!” – деп жазды ол.
Журналист нағашы ағасына деген сағынышын жеткізіп, туған-туыстарына көңіл айтты.
"Нағашы ауылым қара жамылды… Кімді іздеп, кімге еркелеп барып, жиендік жасап, мауқымды басам?! Диханкөл ауылының жұртын өнерімен сусындатқан аңқылдаған ағамның аруағы қолдасын!Өнерлі ұрпағына, жары Гүлзипа жеңгеме, нағашы жұртыма қайғырып көңіл айтамын! Алдыңнан жарылқасын, Хасеке!" – деді Дана Нұржігіт.