Банктерде 52 триллион теңге бар: Тоқаев бұл қаржы енді экономикаға жұмыс істеуі керек деп санайды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
ҚР, Астана қаласы, Әбікен Бектұров көшесі, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Дана Медеуова Құрылтайдағы су жаңа депутаттық топқа жетекшілік етеді

Дана Медеуова Құрылтайдағы су жаңа депутаттық топқа жетекшілік етеді
фото: ашық дереккөз

Дана Медеуова жаңа топтың жұмысын бастағанын Астанада өткен Орталық Азия елдерінің бала құқықтары жөніндегі уәкілдерінің екінші халықаралық форумында мәлімдеді.

Құрылтайда балалардың құқығын қорғаумен айналысатын "Қазақстан балалары" атты депутаттық топ құрылды. Оған депутат Дана Медеуова жетекшілік етеді, деп хабарлайды kznews.kz

"Бүгін Құрылтайдың “Қазақстан балалары” депутаттық тобы жұмысын бастайды. Біз заң шығару жұмысында балалардың құқықтары, қауіпсіздігі, денсаулығы мен әл-ауқаты басты назарда болғанын қалаймыз", – деді депутат.

Жаңа топ балалардың құқығын қорғауға, олардың қауіпсіздігі мен денсаулығына қатысты заңдарды жетілдіруге күш салмақ. Алайда топтың құрамына қанша депутат кіргені және алдағы уақытта нақты қандай заңдарға өзгеріс енгізілетіні әзірге белгісіз.

Ал форумда негізінен балалардың интернеттегі қауіпсіздігі сөз болды. Жиынға қатысушылар ғаламтор мен жаңа технологиялардың балалардың дамуына әсерін, оларды желідегі қауіп-қатерден қорғау жолдарын талқылады.

Сондай-ақ мүгедектігі бар балалардың да өзгелермен тең дәрежеде білім алуына жағдай жасау мәселесі көтерілді.

Автор
Айгерім Асылова

Айгерім Асылова – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.