ҮААЖ тарифі екі есеге қымбаттайды: Үкімет қандай уәж айтады?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Daily Mail журналисі Трамптың денсаулығына қатысты алаңдаушылық барын жазды

Daily Mail журналисі Трамптың денсаулығына қатысты алаңдаушылық барын жазды
Дональд Трамп. Фото: Peter Kramer/NBC via Getty Images

Британдық журналист Эндрю Нил АҚШ президенті Дональд Трамптың физикалық және психикалық жағдайына қатысты Вашингтонда алаңдаушылық күшейгенін мәлімдеді. Ол бұл туралы Daily Mail басылымындағы мақаласында жазған, деп хабарлайды kznews.kz.

Автордың айтуынша, президентпен тұрақты байланыста болатын саясаткерлер мен шенеуніктер арасында Трамптың денсаулығы жиі талқылана бастаған. Нилдің дереккөздері президенттің соңғы уақытта әлсіреп көрінетінін айтқан.

Журналист Трамптан қатты шаршау, зейіннің төмендеуі, сөзден жаңылу, сөйлеу кезінде ойын жоғалту және жүрісінің баяулауы сияқты белгілер байқалғанын алға тартады. Оның сөзінше, президенттің жұмыс кестесі де жеңілдетіліп, кездесулер саны қысқартылған.

Эндрю Нил Трамптың жағдайы Иранмен арадағы қақтығыс күшейіп, президентке түсетін жұмыс көлемі артқаннан кейін нашарлаған болуы мүмкін деп болжайды. Сонымен қатар ол мемлекет басшысының бұрынғыдан ашушаң әрі агрессивті болып көрінетінін жазды.

Алайда мақала авторы қолында Трамптың денсаулығына қатысты медициналық қорытынды немесе ресми құжат жоқ екенін мойындаған. Оның тұжырымдары жеке бақылаулары мен аты-жөні аталмаған Вашингтондағы дереккөздердің пікіріне негізделген.

Daily Mail жарияланымынан кейін Израильдің Walla басылымы физиотерапевт Адам Джеймстің Трамптың денсаулығына қатысты болжамдарын келтірді. Ол президентте бірқатар ауру болуы мүмкін екенін айтқан.

Дегенмен Джеймс Дональд Трампты жеке тексермеген және оның медициналық құжаттарымен таныспаған. Сондықтан басылым оның мәлімдемелерін расталған медициналық ақпарат емес, дәлелденбеген болжам ретінде бағалауға шақырды.

Эндрю Нил өз мақаласында президенттің нақты бір ауруға шалдыққанын мәлімдемеген. Сондай-ақ Трамптың денсаулығына қатысты әлеуметтік желілер мен кейбір басылымдарда тараған өзге ақпараттар да ресми түрде расталмады.

Бұған дейін 2024 жылғы АҚШ президенті сайлауы кезінде Дональд Трамп пен республикалықтар Джо Байденнің жасы мен жұмыс қабілетін жиі сынға алған еді. Байденнің сөзден жаңылуы, баяу жүруі және көпшілік алдындағы кейбір әрекеттері сайлау науқанының негізгі тақырыптарының біріне айналған.

Қазір бірқатар сарапшы осыған ұқсас сұрақтарды Трампқа қатысты көтере бастады. Алайда оның когнитивтік қабілеті айтарлықтай төмендегенін дәлелдейтін ресми медициналық мәлімет немесе нақты қорытынды әзірге жарияланған жоқ.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер