KZNews.kz
Шоу-бизнес

Әулие Валентин мерекесін тойлаған қазақстандық жұлдыздар кімдер? - новости Казахстана

Мадияр

14 ақпан күні әлем жұртшылығы ғашықтар мерекесін, яғни "Әулие Валентин" күнін асыға күтеді. Ал біздің елімізде махаббат мейрамы 15 сәуірге бекітілгеніне қарамастан, сүйгендеріне сезімін дәл осы күні мойындап жататындар жеткілікті. Осы орайда отандық жұлдыздар да сүйіктілерінен алған сыйлығын желіге жарыса жүктеуде деп жазады NUR.KZ.

Фото: Әншілердің Instagram парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ.

Аз уақыт бұрын өзінің ғашығын жұртқа көрсеткен Луина бұл мерекені ерекше атап өткен. Әнші өзінің Instagram парақшасында сүйіктісі Артеммен түскен суреттері мен естеліктерін жүктеген.

"Ғашықтардың әр күні мереке" дегендерді мен түсінбеймін. Не олар әлі отбасылы емес немесе олардың өмірі шын мәнінде ертегі әлеміндегідей.

Сол себепті жолдасым екеуміз әр мерекені жіберіп алмауға тырысамыз. Мейлі ол біздің елге, дінге қатысты болмаса да. Біз соның жақсы жағын ғана қабылдаймыз.

Ол не дейсіз ғой? Ол - бір-бірімізге деген сезімді білдіру. Бір-бірімізді қуантамыз. Нұржан, мен сізді сүйемін!", - деп жазған "Арнау" тобының әншісі Instagram парақшасында.

Мадияр
Журналист
Автордың басқа материалдары →