
Құнанбай аға сұлтан кезінде Бөжей, Байдалымен араздасып, Омбы қаласына айдалып бара жатқанда, Керей елінің атақты биі Тоқсанның үйіне қоныпты. Қонақасы жеп, бимен түні бойы әңгімелесіп, ертеңіне атқа қонып Құнанбай жолға түсіп кетіп бара жатқанда, Тоқсан би Құнанбайдың артынан айқайлап, «Құнанжан, аттың басын қайта бұрма, өзің мойныңды бұр», — деп, былай депті:
Тұманның арты жұт болар,
Тұмаудың арты құрт болар.
Заңдасып босқа қайтесің,
Заңшылдың түбі сот болар.
дегенде, Құнанбай:
Тұманның арты жұт болып қайтер дейсің,
Қопадан қоныс алған соң.
Тұмаудың арты құрт болып не қылар дейсің,
Тәңірім шипа салған соң.
Заңшылдың түбі сот болып қайтер дейсің,
Алтынды пұттап алған соң, — деп жүріп кетіпті. (100 сөз)
#қазақ тілінен диктант жазу
#диктант казак тили сабагында казакша
#диктант казак тилинен
#диктанты на казахском языке
#диктанты по казахскому языку
#қазақ тілі диктанттар жинағы
#қазақ тілінен диктанттар жинағы
#Қазақша диктант: Қазақ тілі | Тоқсан би мен Құнанбай » ZHARAR © 2019 қазақ тілі Тоқсан би мен Құнанбай диктант по казахскому языку казак тили
#Тоқсан би мен Құнанбай казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать