
Бозторғай өзінің туысы қараторғаймен көрші тұрады. Ертелі-кеш ән салып, көңілін көтеретін-ді. Торғайдың да шықылдап бірсыдырғы ыңылдайтын «әндері» болатын. Бозторғайдың әнінен кейін, торғайдың шиқылы аяқ асты болып ескерусіз қалды.
Өзін әншілердің санатына қосып жүрген қараторғайды күншілдік жеңді. Бозторғай әндете бастаса, қабағын түйіп, ашуын шақырып:
— Сен-ақ шиқылдауға жалықпайды екенсің? Не дауыс, не әуен жоқ, сенің әнінді кім тыңдасын,- деп жақтырмайтын.
Енді бозторғай жазық далаға кетіп, әндететінді шығарды. Оның әнін жалпақ дала мен ондағы тіршілік тыңдады.
Кең аспанда салған ән бұрынғыдан да әуенді естілетін.
— Тым биік көтерілмесеңші. Мерт боларсың, — деп аяған болады торғай.
«Жақыннан тістескенше, алыстан кісінескен артық» деген емес пе, алыстан әуендірек естіледі, — деді бозторғай. (105 сөз)
#қазақ тілінен диктант жазу
#диктант казак тили сабагында казакша
#диктант казак тилинен
#диктанты на казахском языке
#диктанты по казахскому языку
#қазақ тілі диктанттар жинағы
#қазақ тілінен диктанттар жинағы
#Бозторғай казакша туралы қазақша на казахском бесплатно скачать
#Қазақша диктант: Қазақ тілі | Бозторғай » ZHARAR © 2019 қазақ тілі Бозторғай диктант по казахскому языку казак тили