Англияның "Фулхэм" клубының жартылай қорғаушысы Андре Шюррле мен қазақстандық модель Анна Шарипова үйлену тойын жасады, - деп хабарлайды Vesti.kz.
The Sun мәліметінше, той 2018 жылдың желтоқсанында Германияның солтүстік-батысындағы Людвигсхафен деген шағын қалада өткен. Оған жұптың туыстары мен жақындары ғана шақырылған. 14 ақпанда Шарипова Instagram желісінде жүктіліктің жетінші айында екенін хабарлаған.
Шарипова мен Шюррленің көңіл жарастырғаны 2017 жылдың наурызында белгілі болған. Жұп бұдан екі ай бұрын Берлиндегі сән апталығында танысыпты.