Өзбекстанның тұңғыш президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың ұлы кіші Ислам Каримов Instagram желісінде Шавкат Мирзиеевке үндеу жасап, анасына қысым көрсетіліп жатқанын айтты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Белгісіз себептерге байланысты анама өте ауыр қысым көрсетіліп жатыр, ол ауырса да дәрігерге көрсетпеген", - деді ол.
Оның айтуынша, осы істі жасап жатқандар кейбір мәселелердің жабылуын қаламайды. Олардың жасаған барлық ресми өтініші бұғатталып жатыр екен.
"Бізге бала кезімізден таныс болғандықтан Президенттен сұрайтыным, бізге назарын аударып, қарындасымыз екеуміздің үнімізге құлақ асқанын қалаймын. Қарындасым анаммен бірге оның да жүрегі ауырып қалды, бірақ оларға дәрігерді жібермеген. Мен олардың денсаулығына алаңдап отырмын. Оған қоса, адамгершілік пен мейірбандық танытады деген ойдамын" - деп мәлімдеді марқұм президент Ислам Каримовтың немересі.