Цифрлық даму вице-министрі Асхат Оразбек қызметінен босатылды
13.05.2025
20:47
0
112

Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі вице-министрі Асхат Оразбектің өкілеттік мерзімі аяқталды. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Асхат Оразбек 2019 жылдың сәуір айында вице-министр қызметіне тағайындалған болатын. Бұған дейін ол Қазақстандағы блокчейн және криптотехнологияларды дамыту қауымдастығының вице-президенті қызметін атқарған.
Еске сала кетейік, қаңтар айында Үкіметтегі брифинг барысында Асхат Оразбек Қазақстандағы ұялы байланыс операторларына қызмет сапасын жақсартпаса, нарықта жаңа — төртінші оператор пайда болатынын ескерткен болатын. Алайда арада көп уақыт өтпей, шенеунік бұл сөзін нақтылап, мұндай нақты жоспар жоқ екенін айтты..
Еске салсақ, осыған дейін қарияның сұрағына келемеждеп жауап берген вице-министр Асхат Оразбек сынға қалғанын жазғанбыз.
(0)
Бұл жерде әлі ештеңе жоқ