77 млн теңге: "Атырау" футбол клубы сатылды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

БҰҰ-ға жаңа серпін керек: Тоқаев реформаны жеделдетуге шақырды

БҰҰ-ға жаңа серпін керек: Тоқаев реформаны жеделдетуге шақырды
Фото: Ақорда

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Анталия дипломатиялық форумында Біріккен Ұлттар Ұйымын реформалау мәселесін көтеріп, оның қазіргі құрылымы жаһандық сын-қатерлерге толық жауап бере алмай отырғанын мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы БҰҰ-ны жаңғыртуға прагматикалық тұрғыдан қарау қажет екенін атап өтті. Оның айтуынша, халықаралық ұйымның тиімділігінің төмендеуіне Қауіпсіздік Кеңесіндегі тұрақты мүшелердің ұстанымы әсер етіп отыр.

– Жаһандық мәселелердің шешіміне жиі кедергі келтіретін ірі державаларға қарағанда, орта державалардың жауапкершілігі жоғары. Қазақстан мен Түркия сияқты елдер халықаралық процестерде оң ықпалын көрсетіп келеді, – деді Президент.

Қасым-Жомарт Тоқаев қазіргі таңда маңызды келіссөздердің БҰҰ алаңынан тыс жерде өтіп жатқанын ерекше атап өтті. Оның пікірінше, бұл – Ұйым рөлінің әлсірегенінің айқын белгісі.

– Қақтығыстар бойынша келіссөздер БҰҰ-да емес, жекелеген мемлекеттердің астаналарында өтеді. Ұйым өкілдерінің араағайындық қызметі сирек байқалады. Бұл – ойланатын мәселе. БҰҰ-ның рөлі төмендеп барады, – деді Мемлекет басшысы.

Президент БҰҰ-ның болашағына қатысты да алаңдаушылық білдіріп, басты мәселе кадрлық өзгерістер емес, ұйымның қазіргі форматта өміршеңдігі екенін жеткізді.

Сонымен қатар ол Қауіпсіздік Кеңесінің өзі кейбір жағдайда өзекті халықаралық мәселелерді шешуге кедергі келтіріп отырғанын сынға алды. Осыған байланысты мемлекеттер балама алаңдарда келіссөз жүргізуге мәжбүр. Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ қызметін жаңғыртуда жасанды интеллект мүмкіндіктерін зерттеу қажеттігін де атап өтті. Оның айтуынша, ұйым уақыт талабына сай келмейтін ескі ұстанымдардан арылуы тиіс.

Мемлекет басшысы превентивті дипломатияның маңызын ерекше атап өтіп, қақтығыстарды алдын ала болжау мен олардың алдын алу тетіктерін күшейту қажет екенін айтты.

– Бұл мәселе көптен бері айтылып келеді, бірақ нақты нәтиже жоқ. Біз декларациядан нақты іс-қимылға көшуіміз керек, – деді ол.

Президенттің бұл пікірін Солтүстік Македония басшысы Гордана Силяновска-Давкова қолдап, қазіргі халықаралық ұйымдардың басты әлсіз тұсы – превентивті дипломатияның жеткіліксіздігі екенін атап өтті.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.