Маркетплейс нарығы: "Барахолка" мен бутиктердің басына қара бұлт үйірілді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Тоқаев жастарды референдумға қатысуға шақырды

Тоқаев жастарды референдумға қатысуға шақырды
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының ІІІ республикалық форумында азаматтарға, әсіресе жастарға үндеу жасап, Конституцияға енгізілетін өзгерістер бойынша референдумға қатысуға шақырды, деп хабарлайды kznews.kz.

Мемлекет басшысы жаңа Конституция жобасы ең алдымен жас ұрпақтың болашағына арналғанын атап өтті. Оның айтуынша, референдумға қатысу – әр азаматтың ел тағдырына үлес қосуына мүмкіндік беретін маңызды қадам.

«Жаңа Конституция жобасы, ең алдымен, сіздерге арналған. Сіздерге референдумда дауыс беріп, Отанымыздың тағдырына қатысыңыз бар екеніңізді білдіретін орайлы мүмкіндік берілді. Басқаша айтқанда, Сіздер Ата заңға үлес қосқан азаматтар ретінде ел тарихына өз есімдеріңізді жазып қалдыра аласыздар», – деді Президент.

Мемлекет басшысы уақыт өте келе әрбір азамат өз таңдауына мақтанышпен қарай алатынын айтты.

«Біраз уақыт өткен соң, өмір көріп, есейген шағыңызда: «Мен азаматтық парызымды орындадым. Елімнің жаңа Ата заңын қабылдауға өз үлесімді қостым» деп мақтанышпен айтуға толық құқыңыз бар», – деді ол.

Президенттің сөзінше, бюллетеньдегі таңба жай ғана белгі емес, ол – халық Конституциясына көрсетілген нақты қолдау.

Сонымен қатар, Тоқаев болашақта жастарға үлкен жауапкершілік жүктелетінін атап өтті. Оның айтуынша, келешекте ынтымағы берік, еңбекқор, заңға бағынатын, білім мен ғылымға негізделген, цифрландыру мен жасанды интеллект кең қолданылатын қоғамды қалыптастыру миссиясы жас буынның еншісінде.

Мемлекет басшысы әрбір дауыс елдің болашағына деген жауапкершілікті көрсететінін айтты.

«Сіздің дауысыңыз нағыз жасампаз отаншылдықтың, азамат ретінде ел келешегі үшін жауапкершілік арқалаудың қандай болатынын көрсетеді», – деді Президент.

Автор
Асқар Алтайұлы

Kznews.kz сайтының Бас редакторы. ҚазҰУ Журналистика факультетінің түлегі. Медиаменеджер. БАҚ саласында 22 жылдық тәжірибесі бар. Кәсіби блогер.