Усть-Лугадағы жаппай төбелес: үш қазақстандық тергеуде қалып отыр
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бүтін бір отбасыны өлтірген күдікті Сұлтан Сәрсемалиев қанша жылға сотталады?

Бүтін бір отбасыны өлтірген күдікті Сұлтан Сәрсемалиев қанша жылға сотталады?
Фото: polisia.kz

Атырау облысы Жангелдин ауылында болған Қарабалиндер отбасының қазасына қатысты күлікті Сұлтан Сәрсемалиевтің қылмыстық ісі бойынша тергеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды kznews.kz.

Іс бойынша негізгі күдікті Сұлтан Сарсемалиевке тағылған айыптар толықтырылып, ауырлатылған. Енді ол екі немесе одан да көп адамды өлтірумен қатар, бірнеше мәрте жасалған кісі өлтіру дерегі бойынша да жауапқа тартылуда.

Сонымен бірге тергеу аясында қосымша құқықбұзушылықтар анықталған. Атап айтқанда, күдіктіге ұрлық (ҚР ҚК 188-бабы, 2-бөлігі) және алаяқтық (ҚР ҚК 190-бабы) бойынша да айып тағылған.

Прокуратура өкілдерінің айтуынша, бұл айыптар марқұмдардың жеке мүлкін заңсыз иелену және олардың малын сатып жіберу фактілеріне байланысты қойылған.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.