Талғар қаласының бұрынғы әкімі Арыстанбек Әбілхайырұлы журналист Нұрсейіт Жылқышыбайға берген сұхбатында қазіргі уақытта такси саласында жұмыс істеп жүргенін айтты, деп хабарлайды kznews.kz.
Оның сөзінше, үйде бос отырғанды қаламағандықтан, көлік жалға алып, такси жүргізушісі болып еңбек етіп жүр.
Еске салсақ, 2026 жылдың ақпан айында Арыстанбек Әбілхайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметінен кететінін мәлімдеген болатын. Ол бұл шешімді денсаулығына байланысты қабылдағанын айтқан.
Арыстанбек Әбілхайырұлы Талғар қаласының әкімі қызметін бір жылдан астам уақыт атқарды. Ол 2024 жылдың желтоқсан айында өткен сайлауда жеңіске жетіп, қала әкімі болып тағайындалған еді.