"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты сот басталды

Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға қатысты сот басталды

Алматыда Медеу аудандық сотының бұрынғы судьясы Светлана Жолмановаға қатысты іс бойынша сот жалғасуда. Бұл туралы Kznews.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Іс Медеу аудандық №2 сотында, судья Қанат Арыновтың төрағалығымен қаралуда.

Сот отырысында прокурор Раушан Абдулла айыптау актісін оқыды. Тергеу деректеріне сәйкес, 2021 жылдан бастап айыпталушы жылжымайтын мүлік сатып алуға және тендерлік жобаларға қатысуға көмектесемін деген сылтаумен азаматтарды алдап, сенімдеріне кіріп олардың миллиондаған теңгесін иемденген.

“Жолманова жәбірленушілердің бәріне өзінің Жанар есімді құрбысын жиі айтып отырған. Оның айтуынша, бұл әйел сол кездегі Алматы қаласының әкімі Бауыржан Байбектің жұбайы болған”, – делінген айыптау актісінде.

Тергеу барысында Жолманованың қылмыстық әрекетіне қатысты 48 эпизод анықталған, және олардың барлығы бір іс шеңберінде біріктірілген. Бүгінгі сот отырысында прокурор сол эпизодтардың тек 16-сын ғана оқып үлгерді.

Келесі сот отырыстары 21, 22, 23 және 24 сәуірге белгіленген.

Бұрынғы судья Светлана Жолмановаға аса ірі көлемдегі алаяқтық жасады деген айып тағылған.

Еске салсақ, экс-судья Светлана Жоламановаекі айға қамауға алынған еді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.