Бурабай маңында квадроциклмен серуендеу қайғылы жағдаймен аяқталды. Жол апатынан 22 жастағы Астана тұрғыны көз жұмды, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәлімет бойынша, оқиға Зеленый Бор мен Бурабай кенттерінің арасындағы жолда болған. Квадроциклді басқарған жүргізуші көлік тізгініне ие бола алмай, салдарынан техника аударылып кеткен.
Жол апаты салдарынан 22 жастағы бойжеткен алған ауыр жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Онымен бірге болған 2007 жылы туған жолаушы түрлі дене жарақатын алған.
Ақмола облысы полиция департаментінің мәліметінше, аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды.