KZNews.kz
Саясат

Бұқтырма көпірін Даниал Ахметовтың ұлы салды ма – министр жауап берді

KZNEWS

Бұқтырма көпірін салуға 60 млрд теңге жұмсалған



Көлік министрі Марат Қарабаев таяуда Шығыс Қазақстан облысында ашылған Бұқтырма су қоймасының үстінен өтетін ұзын көпірді қай мердігердің салғанын айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.


Айтуынша, ШҚО тұрғындарының 60 жыл армандаған көпірін «ОблШығысЖол» ЖШС салып берген.
«Оған Ахметовтар отбасының қатысы бар ма?» деген сауалға «мердігер компанияның сіз айтып отырған тұлғаға еш қатысы жоқ. Оған да, оның ұлына да», - деді министр.

Еске салсақ, 21 қазанда Бұқтырма су қоймасы арқылы өтетін көпір пайдалануға беріліп, оның ашылуына премьер-министр Олжас Бектенов қатысқан.
KZNEWS
Автордың басқа материалдары