KZNews.kz
Шоу-бизнес

Бүлдіршін 16 сағат бойы коронавирустан көз жұмған анасының қасында болған - Қазақстан жаңалықтары

Нұрсұлтан

Америка Құрама Штаттарында жас бала коронавируспен ауырған анасының мәйітінің қасында шамамен 16 сағат уақытын өткізді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

42 жастағы маммолог-дәрігердің денесі үйінен табылды. Ол қайтыс болғаннан кейін өткізілген COVID-19 сынағы оң нәтиже берді. Алдын ала мәліметтер бойынша, әйел полицейлер келгенге дейін 12-16 сағат бұрын қайтыс болған. Сонымен қатар, ол уақытта үйде төрт-бес жасар бала болған.

Дәрігер жұмыс істеген аурухана барлық қызметкерлермен және науқаспен хабарласып, тексеру жүргізді.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 11 наурызда COVID-19 тудыратын жаңа коронавирустың пайда болатынын хабарлады. Соңғы мәліметтер бойынша, әлемде 414 мыңнан астам адам ауруды жұқтырған, 18 мыңнан астамы қайтыс болған.


stan.kz
Нұрсұлтан
Журналист
Автордың басқа материалдары →