KZNews.kz
Шоу-бизнес

«Бұл дәстүр емес, эго»: Бишімбаевтың көп әйел алу туралы пікірі талқыға түсті

Торғын Абушахман

Журналист Даурен Айдарқұлов берген сұхбатында Қуандық Бишімбаев бірнеше әйел алуды «ер адам үшін қалыпты» деп ақтағаны әлеуметтік желіде қызу талқыға түсті, деп хабарлайды kznews.kz.

Назым Қаһарман Замандас платформасында осы пікірлерге қатысты өз ойымен бөлісті. Ол бұрынғы жұбайының жиі «мені Құдай осылай жаратқан», «мен еркекпін, әлсізбін» сияқты тіркестерді қолданғанын атап өтті. Оның айтуынша, бұл сөздер дәстүр немесе діннен емес, эгодағы үстемдікке және өз әрекетін ақтауға негізделген.

«Бұл ешқашан да салт-дәстүр туралы емес. Бұл – билік пен эго жайлы», – деді Назым Қаһарман.

Торғын Абушахман
Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.
Автордың басқа материалдары →