Қазақстандағы ең қымбат мектеп бітіру кеші қалай өтті?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

“Бүйрегі істен шықты”: Диареямен ауырған ақтаулық бүлдіршін жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан

“Бүйрегі істен шықты”: Диареямен ауырған ақтаулық бүлдіршін жансақтау бөлімінен бір-ақ шыққан
Фото: lada.kz

Ақтауда 7 жастағы қыздың ата-анасы дәрігерлердің диагнозды кеш қойғанына күмән келтіріп отыр. Олардың айтуынша, бала 22 маусымда жұқпалы аурулар ауруханасына «диарея» диагнозымен жатқызылған. Алайда бірнеше күннен кейін жағдайы күрт нашарлап, екі бүйрегі істен шығып, облыстық балалар ауруханасының жансақтау бөліміне ауыстырылған, деп хабарлайды kznews.kz.

Туыстарының сөзінше, қазір олар үшін ең маңыздысы – қыздарының өмірін сақтап қалу. Кейін диагноздың неге дер кезінде қойылмағанын және емдеу тактикасының дұрыстығын анықтауды талап етпек.

Ал Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баланың ауруханаға энтероколит белгілерімен түскенін және емдеу қолданыстағы клиникалық хаттамаларға сәйкес жүргізілгенін мәлімдеді. Ведомствоның мәліметінше, алтыншы күні науқастың жағдайы нашарлап, қосымша тексерулерден кейін оған гемолитикалық-уремиялық синдром диагнозы қойылған. Бұл – жедел ішек инфекциясынан кейін дамуы мүмкін ауыр асқыну.

Қазіргі таңда бала жансақтау бөлімінде дәрігерлердің тұрақты бақылауында, оған мамандандырылған медициналық көмек көрсетіліп жатыр.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.