Астана, BAQ.KZ. "Қазгидромет" РМК мамандары сейсенбі күні қай қаланың ауа сапасы нашарлайтынын хабарлады.
"26 желтоқсанда Өскемен қаласында ауа ластануының қолайсыз метеорологиялық жағдайлары күтіледі, Қарағанды, Теміртау, Балқаш қалаларында сақталады", - деп жазылған ведомствоның хабарламасында.
Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар – атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.
ҚМЖ жағдайында елді мекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.