KZNews.kz
Саясат

Бүгін Берік Әбдіғалиұлының туған күні

KZNEWS

Бүгін Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты Берік Әбдіғалиұлының туған күні. Алаш тарихын зерттеу ісіне өзіндік қолтаңбасын қалдырған азамат 50 жасқа толды. Берік Әбдіғалиұлы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетін «Тарих» мамандығы бойынша тәмәмдаған. Еңбек жолын ҚР Президенті жанындағы Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институтынан бастаған. Кейінрек 1997-1999 жылдарда ҚР Баспа және бұқаралық ақпарат ісі жөніндегі ұлттық агенттігінде, ҚР Мәдениет, ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінде, ҚР Президент Әкімшілігінде жұмыс істеді. 2001-2002 жылдары – Қарағанды облысы Теміртау қаласы әкімінің орынбасары қызметін атқарды.  «Ақ жол» ҚДП Ұлттық зерттеулер институтының директоры, «Саяси ағарту қоры» ҚҚ президенті де болды. 2010 жылғы қаңтар мен 2012 жылғы қаңтар аралығында – Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі, Жезқазған қаласының әкімі, 1-ші Вице-Премьердің кеңесшісі, Қостанай облысы Арқалық қаласының әкімі, Қарағанды облысы әкімінің орынбасары қызметтерін атқарды. Мәжіліс депутаты болып сайланғанға дейін Қарағанды облысы Ұлытау ауданының әкімі болды.

KZNEWS
Автордың басқа материалдары