Жоғалған бойжеткеннің анасы қызымен бірге кешкі ас ішіп, ұйықтауға кеткенін, ал таңертең Гүлдананы таппай қалғанын айтады.
"Оның барлық заттары: құжаттары, ақшасы, үнемі иығына асып жүретін рюкзагы-барлығы бөлмеде қалып қойған. Қызым жай бес минутқа шығып, жоғалып кеткен сияқты", - дейді келіншек.
Студенттің жақындары оның үйден қашуға еш себебі болмағанын жеткізген. Олардың сөзінше, жанұяда ешқандай ұрыс-керіс те орын алмаған екен.
Бойжеткеннің анасы Гүлдана Тұржанованың мекен-жайын білетін адамдар болса, "102" пультіне немесе 8 777 569 10 88 нөміріне хабарласуларыңызды сұрайды.