"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

"Босаттым ішімдегі бір адамды": Әбдікәрімованың жазбасы елді ойландырып қойды (видео)

"Босаттым ішімдегі бір адамды": Әбдікәрімованың жазбасы елді ойландырып қойды (видео)

Танымал актриса Жұлдыз Әбдікәрімова желіде жаңа видео жариялап, елдің қызу талқысына қалды. Өнер иесі өлең жолдарымен белгісіз біреуді кешіргенін және ішіндегі бір адамды босатқанын жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Әбдікәрімова аталмыш бейнежазбасын Instagram парақшасында бөлісті. "Босаттым ішімдегі бір адамды, Кешірдім кінәларды, күнәларды, Сөйтті де өмір мұңнан бір тазарды, Сөйтті де көңіл кірден бір ағарды. Болса екен ұзағынан осы күндер, Бәлкім, ел қателік-ау шешімің дер... Ей, адамдар, бақытты болғың келсе, Бақытсыз қылған жанды кешіріңдер", - деген өлең жолдарын оқыды актриса. Желі қолданушылары бірден оның жазбасына түрлі пікір білдіре бастады. Олар өнер иесінің кімді меңзегеніне қатысты өз болжамдарын айтты. "Өзіңіз туралы айтып тұрған сияқтысыз", "Қайратты кешіресіз ба сонда?", "Жолдасыңыздан кетпеңіз. Сондай жарасымды жұпсыздар", "Бақытты болыңыз! Мен сізге ризамын! Балдарыңыздың қызықшылығын көріп жүре беріңіз", "Өте мағыналы сөздер", "Кімге арналған екен бұл өлең жолдары", "Өз жағдайыңыздан сыр шертіп тұрғандайсыз", - деп жазуда көпшілік.

Автор
KZNEWS

Қазақстан және әлем жаңалықтары