«Бүкіл әлемде, Қазақстанда қаптан кеткен оқу орталықтары кішкентай баладан адам шығаруды мұрат тұтпайды. Олар ақша табатын пысық адам, менеджер шығаруды негізгі концепция етіп алған. Себебі біз ХХІ ғасырдың адамымыз. Ал әр ғасыр адамының өзіне тән рухани дерті, ауруы болады. ХХІ ғасыр бос сөз, бос әңгіме, мәнсіз-мағынасыз әзіл-қалжыңдардың бәрін судың бетіне қалқып шығардандай болды. Ал біздің қоғам әлі бұдан әсер алмайды. Мұның бәрі сандырақ секілді болып естіледі. Қазір инстаграм, фейзбук секілді әлеуметтік желілерді ашып қалсаң, барынша арсыз, ұятсыз болуға тырысу, мүмкін болса, есебін тауып елді кез келген жолмен өзіне қаратып алып қаралымды көтеру арқылы ақша табуды мақсат тұтқан адамдар сенің киелі ұғымдарыңды таптап, киелі тұлғаларыңды мазаққа ұшыратуда. Өткенде әнебір бала Мұқағалиды мазақ қыламын деп басы бәлеге қалды ғой. Қазір сондай хайп қуғандардың бәрі бетіне шығып кеткен ғасыр», – деді Санжар Керімбай.
Сондай-ақ ол «60-жыл бұрын дүниеден өткен Қаныш Сатпаевтан қазіргі жастарға темірқазық болатын бағыт сілтеуші идеал жасай аламыз ба? Ондай идеалдар бізге не үшін керек? Шенеуніктер өзіне-өзі цензура жасайтын ауру әлі де бар ма?» деген сұрақтарға жауап берді. Толығырақ сілтемеден көріңіз!