KZNEWS.KZ
Жаңалықтар

Бойжеткенді зорлаған бес қылмыскерге сот үкімі шықты

• Айжан Сыланова
Фото: zakon.kz

2025 жылдың ақпанында бойжеткен түнгі клубта демалғаннан кейін таныстарының пәтеріне барған. Алайда сол жерде оған есінен тандыру мақсатында химиялық зат иіскетіп, кейін зорлық көрсеткен, деп хабарлайды kznews.kz.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, мұндай қылмыс үшін 15 жылдан өмір бойына дейін түрмеге қамау жазасы көзделген. Алайда қылмыс жасалған кезде айыпталушылар кәмелетке толмағандықтан, оларға тағайындалатын жаза мерзімі 7 жыл 6 айдан аспаған.

Бұдан бөлек, сотталғандар жәбірленушіге моральдық зиян үшін 10 миллион теңге өтемақы төлеуге міндеттелді.

Айжан Сыланова
2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.
Автордың басқа материалдары →