"Екіге оқитын оқушы сияқтысыз" : депутат мұнай компаниясы бас директорының масқарасын шығарды
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

BOEING 737 апаты. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

BOEING 737 апаты. ҚАЗАҚСТАНДЫҚ КОМПАНИЯ ҚАНША ТӨЛЕЙДІ?

Ай бұрын Индонезияның Джакарта қаласынан ұшқан «Lion Air» әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы көкте 13 минут қалықтап Ява аралының батыс жағалауында апатқа ұшыраған болатын. Экипаж мүшелерімен қоса есептегенде 189 адамның ешқайсысы тірі қалмады.

Апаттың нақты неден туындағаны әлі белгісіз. Мамандар қозғалтқыштың бұзылуын немесе басқару жүйесінің істен шыққанын алға тартуда.
Индонезия Президенті Джоко Видодо апаттың салдарын жан-жақты зерттеуді талап етіп, қаза болғандардың отбасына материалдық көмекті тез арада төлеуді тапсырды.
Айта кетейік, «Lion Air» әуекомпаниясына тиесілі Boeing 737-800 жолаушылар ұшағы қазақстандық «Еуразия» компаниясында сақтандырылған. Апат салдарының шығыны алдын-ала болжам бойынша 73 млн долларды құрайды.
«Еуразия» сақтандыру компаниясының баспасөз қызметі оқиға салдары анықталғаннан кейін келісімшарт аясында орындалуы тиіс төлемдерді тез арада іске асыратынын мәлімдеді.

Асқар Беков

Автор
Арман