Ұлттық қордан балаларға биыл қанша доллар аударылады
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Блогерлер жарнамалаған оқу орталығы жалған тест сұрақтарын сатқан

Блогерлер жарнамалаған оқу орталығы жалған тест сұрақтарын сатқан
фото: коллаж Курсив Медиа

Ақтөбе қаласының тұрғыны, ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Гүләмина Нұриқұлова 100 мың теңге төлеп, аталған курстан білім алған. Ол оқуға блогерлердің жарнамасына сеніп барғанын айтады. Орталық өкілдері «Ұлттық тестілеу орталығымен бірлесіп дайындалған» деген уәдемен арнайы онлайн платформа ұсынған. Алайда шынайы тест сұрақтары орталық ұсынған дайындықпен сәйкес болмаған.

«Платформадағы сұрақтардың бұрыс екенін байқадым. Бұл туралы ескерттім, бірақ ешкім құлақ аспады. Емтиханнан соң бізді кінәлап, платформадағы нәтижелерімізді өшіріп тастады. Мен мұны алаяқтық деп есептеймін», – дейді талапкер.

Талдықорған қаласының тұрғыны Акерке Сансызбай да осыған ұқсас жағдайды бастан кешкен. Ол қазақ тілі пәні бойынша дайындық барысында берілген сұрақтар шынайы емтиханмен сәйкес болмағанын айтты.

«Сынаққа 3–4 күн қалғанда сұрақтардың күмәнді екенін түсіндім. Бірақ ол кезде кеш болды. Нәтижесінде емтихан қиын өтті», – деді ол.

Ал Ұлттық тестілеу орталығы тест материалдарының үшінші тарапқа берілмейтінін мәлімдеді. Орталық өкілдері талапкерлерді интернеттегі жалған жарнамаларға сенбеуге шақырды.

«Интернетте таралатын “нақты сұрақтар” мен “дайын жауаптар” туралы жарнамалар жалған. Ұлттық тестілеу орталығы ешқандай сұрақ таратпайды. Барлық тест сұрақтары жыл сайын жаңартылып, сараптамадан өтеді», – деді орталық басшысының орынбасары Наужан Дидарбекова.

Маманның сөзінше, күмәнді курстар талапкерлердің сенімін пайдаланып, мемлекеттік тестілеу жүйесін бұрмалауға тырысады. Ал нақты сынақ сұрақтары мемлекеттік қорғауда сақталады.

Автор
Айжан Сыланова

2023 жылдан бастап Kznews.kz сайтында тілші қызметін атқарады. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі. Аймақтық және интернет-басылымдарда еңбек өтілі бар.