Танымал қазақстандық актер әрі блогер Мейіржан Төребаев бостандыққа шықты. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында хабарлады, деп хабарлайды kznews.kz.
Актер ат үстінде түсірілген бейнежазбаны жариялап, астына ресейлік актер Александр Петровтың сөздерінен үзінді келтіре отырып, терең ойымен бөлісті.
"Сыртқы еркіндіктен айырылған сәтте, ішкі бостандықты таптым. Демек, бәрі солай болуы тиіс еді. Өмір үйрететін сабақтардан қашып, шынайы бақытқа жету мүмкін емес. Жан қалайтын тәжірибеден де қашып құтыла алмайсың. Маған тыныштық, уақыттан тыс күй, рөлдерден арылып, өзіммен бетпе-бет қалып, "Мен кіммін?" деген сұраққа жауап іздеу қажет болды. Кейде жаңа өзіңді тану үшін бәрін бұзып, қайта бастау керек. Осы сынақ үшін Жаратқанға алғыс айтамын. Бұл – жанның сапары болды", – деп жазды Төребаев.