Прокурор Олжас Хайруллаев заңсыз кәсіпкерлікпен айналысып, қылмыстық жолмен алынған ақшаны заңдастыру бойынша айыпталған блогерлер Ерболат Жанәбілов пен Эльмира Төлегеновамен жасалатын келісімге қатысты шешім қабылдады, деп хабарлайды kznews.kz.
Мемлекеттік айыптаушы Олжас Хайруллаев айыпталушылардың процессуалдық келісім жасау туралы өтінішін қолдады.
Прокурор Ерболат Жанәбіловке екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыру жазасын тағайындауды сұрады. Сонымен қатар, Қылмыстық кодекстің 55-бабын негізге ала отырып, бұл жазаны шартты деп есептеп, мүлкін тәркілеумен бірге қолдануды ұсынды.
Эльмира Төлегеноваға қатысты түпкілікті жаза ретінде екі жыл мерзімге бас бостандығынан айыруды қауіпсіздігі барынша төмен мекемеде өтеу ұсынылды. Сонымен қатар, жазаны орындау екі жылға кейінге қалдыру туралы шешім қарастырылған.
Бұған дейін прокурор блогерлерді 4 жылға бас бостандығынан айыруды ұсынған еді.