KZNews.kz
Жаңалықтар

"Біз көп қиындықтарды бастан өткердік" – Нұрсұлтан Назарбаев Асанәлі Әшімов туралы (ВИДЕО)

Қайсар Қанат
ашық дереккөзден

2017 жылы қазақ өнерінің алып тұлғасы Асанәлі Әшімовке еліміздегі ең жоғары марапаттардың бірі – "Қазақстанның Еңбек Ері" атағы берілді. Осыған орай бірінші президент Нұрсұлтан Назарбаев әйгілі актермен кездесіп, оны 80 жылдық мерейтойымен құттықтаған болатын. Осы орайда Нұрсұлтан Назарбаев ерекше тілегін жеткізіп, арнаған сүбелі сөзін ұсығалы отырмыз.

21 желтоқсанда Қазақстан және КСРО Халық әртісі, "Отан," "Құрмет", "Қазақстанның Еңбек ері" ордендерінің иегері Асанәлі Әшімов өмірден өтті. 

"Біз 40 жылдан астам уақыттан бері таныспыз. Содан бері, әсіресе ел тәуелсіздігі қалыптасқан күрделі жылдарда әрдайым қолдауыңызды сезініп келемін.

Сіз КСРО-ның, Қазақстанның халық әртісі ретінде ең жоғары мемлекеттік наградалармен марапатталдыңыз. Кино әлеміндегі Асанәлі Әшімовтің есімін күллі Қазақстан мақтан тұтады. Сіз Қазақстандағы сан-салалы шығармашылық өнердің саңлағы атандыңыз. Сондықтан елге керек қадірлі тұлға болып отырсыз.

Жалпы, мен замандастарыма ризамын. Олардың арасында көптеген зиялы қауым өкілдері, ғалымдар мен жазушылар бар. Біз көп қиындықтарды бастан өткердік. Алдымызда халықты басқаша өмір сүруге үйрету міндеті тұрды. Көпшілігі бізді, елімізді қолдады. Солардың арасында Сіз алдыңғы қатарда тұрсыз", – деген еді сол кезде Нұрсұлтан Назарбаев.

Қайсар Қанат
Автордың басқа материалдары