Қазақстанның тұңғыш президенті Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде қаза тапқан әскери қызметшілердің туған-туыстары мен жақындарына көңіл айтты.
Бұл туралы Назарбаевтың ресми сайтында хабарланды.
"Нұрсұлтан Назарбаев Маңғыстау облысындағы әскери оқу-жаттығу кезінде Қарулы Күштердің әскери қызметшілерінің қаза болғаны туралы хабарды зор күйзеліспен қабылдады.
Тұңғыш президент орны толмас қайғыға ортақтасып, марқұмдардың отбасы мен жақындарына көңіл айтты", – делінген хабарламада.
24 қыркүйекте Маңғыстау облысында Каспий теңізінің жағалауында өткен әскери оқу-жаттығу кезінде қайғылы оқиға болған еді.