5 трлн 41 млрд теңге: қолма-қол ақшаға сұраныс неге көбейді?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Біз дайынбыз": Әнші Қарақат Әбілдина қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)

"Біз дайынбыз": Әнші Қарақат Әбілдина қуанышты хабарын айтты (ВИДЕО)
instagram.com/karakat_a. Суретте: Қарақат Әбілдина

Белгілі әнші Қарақат Әбілдина тұңғышы Бекболат Болмановтың қашан үйленетіні туралы пікір білдірді, деп хабарлайды kznews.kz.

Өнер иесі "1001 түн" бағдарламасында жұбайы Қыдырәлі Болмановпен бірге қонақ болып, бұл тақырыпқа қатысты ойымен бөлісті.

Бағдарлама барысында көрсетілген естелік видеоны көрген әнші өткен күндерді сағынышпен еске алып, әсерін жасырмады.

"Естелік видеоны көріп, жылағым келді. Жастық шақ бәрібір ыстық. Бейнежазбадағы ұлым қазір отау құратын жаста", – деді ол.

Сондай-ақ Қарақат Әбілдина ұлының жеке өміріне қатысты шешім өзіне байланысты екенін атап өтті.

"Бұл сұрақты Бекболаттың өзіне қою керек. Біз дайынбыз. Жүрек әмір еткен кезде той болады", – деді әнші.

Өнер иесі отбасы бұл қуанышты сәтке дайын екенін айтып, бәрі өз уақытымен болатынын жеткізді.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер