Серік Сәпиев пен Дәурен Есімханов қызметінен өз еркімен кетті
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Биыл қағаз сияқты бүктелетін теледидарлар сатылымға шығарылады

Биыл қағаз сияқты бүктелетін теледидарлар сатылымға шығарылады

Өндірушінің айтуынша, мұндай теледидар 50 мың рет бүктеле алады


АСТАНА, 9 қаңтар — Sputnik. LG компаниясы CES көрмесінде қағаз сияқты бүктелетін теледидарды таныстырды, деп хабарлайды The Verge.

Былтыр өндіруші теледидардың прототипін көрсетсе, енді толыққанды нұсқасын халық назарына ұсынып отыр. Теледидар арнайы батырмасын басқанда бүктетіліп, жиналып қалады да, сол батырма арқылы қайта жазылады. Компания мәліметіне сүйенсек, бұл процесс кезінде ешқандай дыбыс шықпайды екен.


Сонымен қатар, теледидар экранын 3/4 бөлікке жинапқоюға болады, сол кезде қолданушы басқару панелі арқылы музыка қоса алады немесе ақылды үй құрылғыларын пайдаланады.

Өндіруші конструкцияның берік екеніне сенімді, өйткені теледидар 50 мың рет бүктетіле алады. Мұндай көгілдір экрандар сатылымға 2019 жылдың көктемінде шығады, бірақ бағасы туралы әлі айтылмапты.



Дереккөз: https://sputniknews.kz/
Автор
Арман