Қазақстан мектептерінде оқу жылы аяқталуға жақын. Осыған байланысты Оқу-ағарту министрлігі оқу жылының қорытындысына арналған іс-шаралардың қалай өтетінін жариялады, деп хабарлайды kznews.kz.
Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, қазақстандық оқушылар санаулы күннен кейін оқу жылын аяқтайды. Биыл оқу жылы 25 мамырда тәмамдалады.
9 және 11-сынып түлектеріне арналған іс-шаралардың форматы туралы сұраққа министрліктің баспасөз қызметі жауап берді.
Ведомство өкілдерінің айтуынша, оқу жылының аяқталуына арналған мерекелік шараларды өткізу туралы шешімді әр мектеп өз бетінше қабылдайды. Дегенмен мектептің дәстүрлі іс-шаралары, атап айтқанда ұстаздар мен мектепке алғыс айту, өлең оқу, ән айту және түлектер вальсі сақталады.
Барлық мектептерде "Білім - Отаныма!" тақырыбында сынып сағаттары өтеді.