Иран футболшылары АҚШ-қа «168» деген ерекше сыймен келді
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның көңілдестері туралы кітап шығаратынын айтты

Бишімбаевтың бұрынғы әйелі оның көңілдестері туралы кітап шығаратынын айтты
Коллаж: informburo.kz

Бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевтың экс-жұбайы Назым Қаһарман алдағы уақытта өмірбаяндық кітабын жарыққа шығармақ. Бұл туралы dalanews.kz хабарлады.

Назым Қаһарманның айтуынша, қазір туынды баспаның қарауында жатыр. Кітаптың таныстырылымын биыл күзде өткізу жоспарланған.

Автор еңбектің автофикшн жанрында жазылғанын атап өтті. Яғни кітап шынайы өмірде болған оқиғаларға негізделгенімен, онда көркем әдебиетке тән тәсілдер де қолданылған.

Қаһарман кітапта бұрынғы жұбайының жеке өміріне қатысты кейбір жайттарға да тоқталатынын айтты. Оның сөзінше, туындыда Бишімбаевтың көңіл жарастырған әйелдері туралы эпизодтар қамтылады. Алайда автор олардың тек есімдері ғана аталатынын, басқа жеке деректері жарияланбайтынын жеткізді.

Сондай-ақ Назым Қаһарман кітаптағы мәліметтерге байланысты қандай да бір талап-арыз түскен жағдайда өз ұстанымын дәлелдеуге дайын екенін мәлімдеді. Оның айтуынша, қолында бұрынғы күйеуіне қатысты хат-хабарлар мен өзге де дәлелдер сақталған.

Автор
Қайсар Қанат

Журналист. Блогер. Фрилансер