"Ұлттық қор – балаларға": әр балаға 130,71 доллар аударылды
RU KZ
476.81
528.4
5.21

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 702 6094955
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 702 6094955

Біздің әлеуметтік желілер

Біріккен Араб Әмірлігінде құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

Біріккен Араб Әмірлігінде құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырады

2018 жылғы 30 желтоқсан 09:03 136

АСТАНА. ҚазАқпарат - Біріккен Араб Әмірлігінің солтүстігіндегі  Рас-эль-Хайма эмиратында құтқарушылар мінген тікұшақ апатқа ұшырап, төрт адам қаза тапты, деп хабарлайды WAM ақпараттық агенттігі. Экипаж мүшелерінің барлығы ажал құшқан, бірақ бортта қанша адам болғаны айтылмай отыр.

Ал БАӘ ұлттық іздеу-құтқару орталығының мәлімдемесіне қарағанда, тікұшақ бортында әмірліктің үш азаматы - екі ұшқыш, сондай-ақ шетелдік дәрігер болған. Бәрі әуе апатынан қаза тапты.

AgustaWestland AW139 тікұшағы елдің ең биік нүктесі - Джебель Джайс тауында құтқару операциясы кезінде құлаған.

Оқыс оқиғаны көргендердің айтуынша, тікұшақ жақында ғана ашылған  таудан жылдам түсуге арналған аспа жол - зиплайнға соғылған болуы мүмкін.

Рас-эль-Хайма әмірлігі апаттың себеп-салдарын тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр.

Дереккөз: https://www.inform.kz/kz
Автор
Әлихан