Қазақстан экономикасы төрт айда 3,6%-ға өсті
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

"Біреуге айтсаң, киноға түсе алмайсың деп қорқытты": Қазақстандық актер "Балапан" телеарнасында продюсерден зорлық көргенін айтты

"Біреуге айтсаң, киноға түсе алмайсың деп қорқытты": Қазақстандық актер "Балапан" телеарнасында продюсерден зорлық көргенін айтты
Фото: ашық дереккөзден

Қазақстандық актер Нұрғали Нұғман бірнеше жыл бұрын "Балапан" телеарнасында жұмыс істеп жүргенінде продюсер тарапынан зорлық көргенін мәлімдеді, деп хабарлайды kznews.kz.

Актердың айтуынша, ол балалар арнасында продюсер болып жұмыс істеген сол туысының көмегімен кино мен сериалдарға түсе бастаған.

Бір түсірілім күнінен кейін әлгі ер адам актерды кабинетінде алып қалып, сексуалдық сипаттағы зорлық көрсеткен.

"Мен ол кезде кішкентай бала болдым. Қорыққаным соншалық, не істерімді де білмедім. Ол істейтінін істеп болған соң “Егер біреуге айтсаң, енді кино мен сериалдарға түсе алмайсың” деп қорқытты. Осылайша бұл біздің құпиямыз болып қалды", – дейді ол.

Актердің сөзінше, бұл жағдай оған ауыр психологиялық соққы болып, тіпті суицид жасауға дейін жеткізген. Алайда қазір ол осы оқиға туралы ашық айтуға шешім қабылдаған.

Әлеуметтік желіде оқиға жарияланғаннан кейін желі қолданушылары продюсердің есімін жариялауды және оның балалармен әлі де жұмыс істеп-жұмыс істемейтінін анықтауды талап етті.

Осыдан он жыл бұрын Нұрғали Нұғман балалар рөлдерімен танылып, кинофестивальде "Үздік актер" номинациясын жеңіп алған. Қазір ол байер болып жұмыс істейді.

Автор
Торғын Абушахман

Торғын Абушахман – Kznews.kz сайтының тілшісі. Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ түлегі, республикалық порталдарда жұмыс тәжірибесі бар журналист.