Көлемі өскен көкөніс экспорты: отандық диқандардың жағдайы оңалды ма?
RU KZ

Бізбен байланыс

Мекен-жай
КР, г.Астана, ул.Әбікен Бектұров, 4/3
Телефон
+7 701 933 8520
Email
aktan.yeltay@gmail.com
WhatsApp
+7 701 933 8520

Біздің әлеуметтік желілер

Бір жылда - 4,3 триллион теңге: зейнетақы жинақтарының өсуі экономиканы сауықтыра ма?

Бір жылда - 4,3 триллион теңге: зейнетақы жинақтарының өсуі экономиканы сауықтыра ма?
Фотоколлаж: Azattyq Rýhy

Елдегі жинақтаушы зейнетақы жүйесі қаржылық әлеуетін нығайтуды жалғастырып келеді. Мәселен, биылғы 1-маусымдағы жағдай бойынша қазақстандықтардың зейнетақы жинақтарының көлемі 27,67 триллион теңгеге жетті. Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 4,33 триллион теңгеге немесе 18,6 пайызға артық.

Жинақтардың негізгі бөлігін бұрынғыдай міндетті зейнетақы жарналары құрайды. Олардың көлемі 25,81 триллион теңгеге жеткен. Сонымен қатар, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналары да қарқынды өсуде. Оның көлемі 1,1 триллион теңгеден асып, бір жыл ішінде 2,6 есе ұлғайған. Бұл жұмыс берушілердің болашақ зейнетақыны қалыптастырудағы рөлінің артып келе жатқанын көрсетеді.

Биылғы бес айда зейнетақы шоттарына 1,49 триллион теңгеге жуық жаңадан аударылған жарна түскен. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 14,4 пайызға көп. Бұған қоса салымшылар 834,9 миллиард теңге көлемінде таза инвестициялық табыс алған. Демек, жинақтар тек жаңа аударымдар есебінен ғана емес, инвестициялық кіріс арқылы да көбейіп жатыр деген сөз.

Сонымен бірге зейнетақы жүйесі азаматтарды қолдау тетігі ретінде де жұмысын жалғастыруда. Жыл басынан бері адамдарға 693,5 миллиард теңге төленген немесе өтініш бойынша басқа қаржы ұйымдарына аударылған. Оның ішінде 307,8 миллиард теңге тұрғын үй жағдайын жақсартуға және емделуге арналған біржолғы төлемдерге бағытталса, 200 миллиард теңгеге жуық қаржы сақтандыру ұйымдарына аударылған.

Зейнетақы шоттарының саны да өсіп келеді. 2026 жылғы 1 маусымда олардың жалпы саны 18,68 миллионға жетіп, бір жылда 1,09 миллионға артқан екен. Әсіресе, жұмыс берушінің міндетті зейнетақы жарналарына арналған шартты шоттардың саны қарқынды көбейіп, 5,9 миллионға жетті.

Қысқасы, зейнетақы жинақтарының өсуі халықтың ұзақ мерзімді қаржылық резервінің ұлғайып келе жатқанын да көрсетеді. Сонымен қатар, инвестициялық табыстың жоғары болуы зейнетақы активтерін басқарудың тиімділігі артқанын аңғартады. Ұзақ мерзімді жоспар бойынша мұндай қаражат ел экономикасына инвестиция салатын ірі ішкі қаржы көзіне айналып, капитал нарығын дамытуға және мемлекеттік әрі корпоративтік жобаларды ішкі ресурстар есебінен қаржыландыруға да мүмкіндік береді екен. Яғни, азаматтардың жинақ ақшасы ұлттық экономиканы сауықтыруға жұмыс істейтін күнге де жетіп қалған сияқтымыз. Алайда, ол қаржы жекелеген салымшыға пайда әкеле ме, әңгіме сонда жатыр...

Автор
Қалмаханбет Мұқаметқали

Қалмаханбет Мұқаметқали, журналист. І.Жансүгіров атындағы Жетісу университетінің түлегі. Журналистикада 33 жыл еңбек етуде. Еңбек жолын аудандық газетте бастап, республикалық басылымдарда басшылық қызметтер атқарған.