KZNews.kz
Қоғам

Бір жылда білім беру саласында не өзгерді?

KZNEWS
Қазіргі уақытта республикада Мемлекет басшысының барлық деңгейдегі білім беру саласын нығайту жөніндегі бірқатар маңызды бастамалары іске асырылуда. Primeminister.kz аталған салада бір жылда атқарылған жұмыстарға шолу ұсынды, деп хабарлайды Кznews.kz тілшісі.
Осы жылдың айшықты оқиғаларының бірі «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының басталуы болды, оның аясында 740 мың оқушыға арналған жаңа форматтағы 369 мектеп салынады.

Қосшы қаласының мектеп-гимназиясы. Оның құрылысына 7,5 млрд теңге жеке инвестиция салынды.
Жүйе аясында балаға арнайы шот ашылып, оған мемлекет 60 АЕК (5 жастағы балаларға) мөлшерінде бастапқы білім беру капиталын салады. Онда ата-аналардың ерікті жарналары, 5%-7% мөлшерінде жыл сайынғы мемлекеттік сыйлықақы және инвестициялық табыс қаражаты жиналатын болады. Айына 1 АЕК мөлшерінде ең төменгі жарна салынатын болса, бала 18 жасқа толғанша 3,3 млн теңгеден астам қаражат жиналады. Ата-аналардың ерікті жарналары, мысалы, айына 3 АЕК-ке дейін жетсе, 7 млн теңгеден астам қаражат жинау мүмкін болады. Сонымен қатар жүйе аясында халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау шаралары көзделген. Грантқа түскен жағдайда талапкер жиналған қаражатты тұрғын үй сатып алуға жұмсай алады.
Мектеп бір ауысымда 1,5 мың оқушыға білім береді. Ол сондай-ақ ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларға бейімделген.
– Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Хериот-Уотт университетінің (Шотландия) филиалы құрылды; – Шәкәрім университетінің базасында Быдгощ қаласындағы Экономика университетінің (Польша) филиалы ашылды; – І. Жансүгіров атындағы Жетісу университеті мен Марке политехникалық университеті (Италия) арасында филиал құру туралы келісімге қол қойылды; – Yessenov University базасында Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты (неміс ЖОО консорциумы) құрылды; – Қ. Сәтбаев атындағы Қазақ ұлттық техникалық зерттеу университеті базасында Гонконг қаласындағы университеттің филиалы ашылды; – Д. Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан техникалық университеті мен Тяньцзинь кәсіби университеті (ҚХР) базасында Лу Бань шеберханасы ашылды; – Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде Солтүстік-Батыс политехникалық университетінің (ҚХР) филиалын ашу туралы келісімге қол қойылды.
Павлодар облысында балаларды тасымалдау үшін 46 мектеп автобусы сатып алынды. Олар 6 аудандағы ауыл мектептеріне, сондай-ақ Екібастұз және Ақсу қалаларының ауылдық аймақтарына берілді.
Қарағандыда заманауи студенттер жатақханасы ашылды. Тоғыз қабатты ғимарат екі жыл ішінде Қаржы орталығының қолдауымен университет қаражатына салынды.
Қазақ-неміс тұрақты инженерия институты Ақтаудағы Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің базасында жұмыс істейді. Түлектер 8 бакалавриат және 6 магистратура мамандығы бойынша қос диплом алады.
 
KZNEWS
Автордың басқа материалдары