KZNews.kz
Қоғам

Бір топ жігіт көшеде бейтаныс қызды күштеп ұрлап әкетпек болған

Ayzhan Sylanova

Әлеуметтік желіде бірнеше ер адамның қызды күштеп көлікке отырғызуға тырысқан сәті түсірілген видео тарады. Жазба авторы оқиға Алматыда болғанын айтады, деп хабарлайды kznews.kz.

Айтуынша, жолай өтіп бара жатқан адамдар араласып, жағдайды ушықтырмай тоқтатқан. Оқиғаға қатысушылардың бірі видеоға түсіріліп жатқанын байқап, оқиға орнынан қашып кеткен.

Алматы қалалық Полиция департаменті видеодағы жайтқа қатысты түсініктеме беріп, Алмалы аудандық полиция басқармасының тексеріс бастағанын мәлімдеді.

Құқық қорғаушылардың сөзінше, әзірге бұл оқиға бойынша полицияға ресми өтініш немесе арыз түспеген. Соған қарамастан, полицейлер оқиғаға қатысы бар адамдардың барлығын анықтауға кірісті.

«Өтініш түсуіне қарамастан, барлық мән-жайды анықтап, заңға сәйкес шара қабылданады. Қоғамдық қауіпсіздікке бейжай қарамай, белсенділік танытқан тұрғындарға алғыс айтамыз», – деді Алмалы аудандық полиция басқармасының бастығы Мақсат Пшан.

Полиция оқиғаға куә болғандарға құқық қорғау органдарына хабарласуды сұрайды.

Ayzhan Sylanova
Автордың басқа материалдары