Қызылқоға ауданының Жангелдин ауылынан із-түзсіз жоғалған отбасы ісіне байланысты іздеуде жүрген Сұлтан Сәрсемәлиев пен Ақбаян Мұқанғалиева Атырау қаласына жеткізілді, деп хабарлайды kznews.kz.
Алдын ала мәліметтерге сәйкес, күдіктілер 9 наурыз күні Алматы қаласынан ұшып келген әуе рейсімен Атырауға жеткізілген. Қазіргі уақытта олар құқық қорғау органдарының бақылауында, тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.
Еске сала кетейік, 2025 жылы өңірде төрт адамның жоғалып кетуіне байланысты қылмыстық іс қозғалған болатын. 25 желтоқсан күні Атырау қаласының тұрғыны полицияға арызданған. Оның айтуынша, бауыры мен оның отбасы мүшелері ұзақ уақыт бойы хабар-ошарсыз кеткен.