KZNews.kz
Қаржы

Бір мезетте бірнеше банктен несие алуға тыйым салынады

Жарқын Омаров
Фото: istockphoto.com

Мәжілісте банктер туралы заңға түзетулер қабылданды. Барлық банктерге арналған бірыңғай QR-код және бір уақытта бірнеше жедел несиені рәсімдеуге тыйым салынады, деп хабарлайды kznews.kz.

Мәжіліс депутаттары үшінші тұлғалар атына несие ресімдеудің алдын алуға бағытталған бірнеше түзетулерді заңға енгізді.

Банкте алғаш рет шот ашу кезінде биометриялық сәйкестендіру Ұлттық Банктің биометрия жүйесі арқылы және тек клиенттің жеке қатысуымен жүргізіледі.

Сонымен қатар, банктердің ЭЦҚ шығарып беруі клиенттің келісімімен және міндетті биометриялық сәйкестендіруден кейін ғана рұқсат етіледі.

Алаяқтық схемалардың алдын алу үшін бір адамға бірнеше банкте немесе микроқаржы ұйымдарында бір сағат ішінде бірден бірнеше несие рәсімдеуге тыйым салынады.

Сондай-ақ, соттан тыс банкроттық рәсімін жеделдету көзделген.

Жаңа нормаларға сәйкес банктер мен МҚҰ алдындағы жалпы қарызы 1600 АЕК-ке (шамамен 6,2 млн теңге) дейін болатын, және міндеттемелерін орындау мерзімі 5 жылдан асып кеткен борышкерлер үшін соттан тыс банкроттық мерзімі 6 айдан 1 айға дейін қысқартылады.

Сонымен қатар жеке тұлғалардың қарыздарын коллекторларға сатуға мораторий 2027 жылдың 1 мамырына дейін ұзартылды. Криптовалюталардың заңды айналымы кеңейтіледі, түзетулер криптроалмасу орындарын енгізуді қарастырады. Сондай-ақ, төлемдерді ыңғайландыру үшін барлық банктерге ортақ бірыңғай QR-код енгізіледі.

Жарқын Омаров
Автордың басқа материалдары